Қазақстанда бірыңғай онлайн-кітапхана ашылады

0 10

Қазақстанда барлық кітап қоры электрондық форматқа көшіп, бірыңғай онлайн-кітапхана құрылады. Бұл туралы «Рухани қазына – 2018» фестивалінің ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Кітапханаларды жаңғырту жұмыстары өз нәтижесін беріп жатыр. Бүгінгі күні интернетке қолжетімді кітапханалар саны артып келеді, кітап қоры жаңарып, оларды цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біз «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, кітапханаларды заман талабына сай етіп өзгертпекпіз. Нәтижесінде бірыңғай онлайн-кітапхана құрылып, елдегі бүкіл кітап қоры электронды форматқа көшеді», — дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Оның айтуынша, Қазақстанның барлық аймағында: Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында жаңа мұражайлар, сондай-ақ Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында жаңа үш кітапхана ашылады. Сонымен қатар, 15 аймақта кітапханалар жаңа стандарттарға сай жаңартылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.