Бұл мәліметті ӨКҚ өткен брифингте Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және индустриалды – инновациялық даму басқармасының басшысы Талғат Шалдарбеков айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Ағымдағы жылдың I — тоқсанындағы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 99,6 пайызды құрап отыр.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылған адамдар саны 118534 – ға жеткен.
2017 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 414929,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,2 % құраған.