2018 жылы кәсіпкерлік субъектілеріне 7384,7 млн.теңге несие берілген

0 6

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Жамбыл филиалының деректері бойынша екінші деңгейдегі банктер берген. Ал 2017 жылдың тиісті кезеңінде 6455,8 млн. теңгеге несие бөлінген, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Осы жылдың басынан бері шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдеріне жалпы сомасы 6941,8 миллион теңгені құрайтын 13675 несиені «KMF» микронесиелік ұйымы» ЖШС-нің Тараз филиалы берген.

Ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерді қолдау және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге қаржылай көмек көрсету мақсатында, облысымызда құрылған ауылдық несиелік серіктестіктері тарапынан, 2018 жылдың қаңтар-сәуір аралығында аудандардағы шаруа қожалықтарына 856,0 млн. теңгенің несие қаражаты берілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.