2018 жылдың 1 тоқсанының қорытындысына сәйкес, Қор топтары бойынша тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алулардағы жергілікті қамту көрсеткіші 81 пайызды құрап, Қор отандық тауарөндірушілермен ұзақ мерзімді тапсырыстарды ұлғайту бойынша үлкен жұмыс атқарған, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Мамыр айындағы көрсеткішке сәйкес, Қор топтары отандық тауарөндірушілермен 2 778 млрд. теңгені құраған 1 586 ұзақ мерзімді келісімшарт жасаған.
Соңғы 3 жылда Қор жергілікті қамту бойынша жоғары көрсеткіштерді сақтап қалған. 2017 жылдың қорытындысы бойынша, жергілікті қамту көлемі 75 пайызды құрады. Бұл өз кезегінде ҚР ДСҰ енді ғана кірген кездегі Қордың 2015 жылғы көрсеткішімен бірдей.
Ағымдағы жылдың 21 мамырынан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ ашық тендер шарасын жаңа, жаңғыртылған zakup.sk.kz порталында өткізеді. Қазірдің өзінде жаңа порталда сатып алулардың жоспары, баға ұсыну арқылы өтетін сұраныстар сынды қызметтер көрсетіледі. Бұдан былай тендерлерді өткізу шарасы да жаңа порталда жүзеге асырылады. Портал ақпан айында қолданысқа берілді, осы уақыт аралығында онда 11 мыңнан астам сатып алуларды жеткізуші тіркелген. Жаңа порталдағы баға ұсыну арқылы өтетін сұраныстар бойынша үнемдеу шамамен 770 млн. теңгені құраған. Бұл көрсеткіш әлі де өсетін болады.
Бұдан бөлек, 2018 жылдың 21 мамырынан бастап тендерлерге қатысушылар үшін алдын ала біліктілік бойынша іріктеудегі анкеталық сұрақтар шамамен 2 есеге қысқарады.