Бұл негізгі 6 саланың даму динамикасын көрсететін қысқамерзімді экономикалық индикаторының индексі 110,9%-ды құрады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Өнеркәсіп саласы 16,2%-ға, ауыл шаруашылығы 104,1%-ды, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 4,1%-ға артты, бөлшек сауда айналымы 104,2%-ды, Құрылыс көлемі 16,7 млрд. теңгені құрап, 25,6%-ға ұлғайды. Тұрғын үй құрылысында 112,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жолаушы тасымалы 2,1%-ға, жүк тасымалы – 8,3%-ға өсті.
Бюджеттің кіріс бөлігі 2018 жылдың 1 мамырына 69,0 млрд. теңгеге орындалды. Оның ішінде, жергілікті бюджетке 17,5 млрд. теңге сомасында салықтар түсіп, жоспардан артық 3,5 млрд. теңге түсті.
Бюджет шығындары жоспарда 66,2 млрд.теңге болса, 65,1 млрд. теңге сомасында немесе жоспарға 98,4%-ға орындалды.
Инфляция деңгейі 102,0% деңгейінде қалыптасты.
Азық-түлік тауарларға тұтыну бағасы 2,8%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 2,0%, ақылы қызметтер — 1,1%-ға артқан.