Ағымдағы жылдың 11-16 мамыр аралығында Ақтөбе қаласында бокстан 2000-2001 жылдары туылған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.
Чемпионатқа республиканың 14 облысынан Астана мен Алматы қалаларынан барлығы 173 спортшы бақтарын сынады. Ал Жамбыл облысынан 11 спортшы қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті:
- Ілиясұлы Берден 46кг ІІІ орын
- Белгібай Ақжігіт 49кг ІІ орын
- Спандияр Бек 60кг ІІІ орын
- Боранұлы Дінмұхаммед 64кг ІІІ орын
- Ахметжанов Арнұр 91кг І орын
Айта кетерлігі, облыстың аға жаттықтырушысы Оспанов Мақсат есімді азамат.