Жамбыл облысында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі — 3 769,9 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 208,1 пайызды көрсетіп отыр. Осыған сәйкес, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына 1 685,8 млн. теңге инвестиция салынып, 141,8 пайызды құрады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы 2 500 тонна ет экспорттау жоспарланып отыр. Ал бүгінгі күнге дейін 783,1 тонна ет экспортталып, оның ішінде 244,4 тонна сиыр еті болса, 538,7 тонна қой еті экспортқа шығарылып отыр.
Тағы бір жаңалық, биылғы жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тарапынан 18 200 тонна минералды тыңайтқыш алу жоспарланып, 613 682 га егістік жердің 80 пайызын яғни, 490 945 га электрондық егістікке енгізу қолға алынып отыр.