Қазақстанда жаңа полигон салынады

0 2

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру үшін полигон құрылады. Онда ыстыққа әрі ауруға төзімді, өнімді мол беретін бидайдың жаңа сорттарын шығару жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Александр Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры Кенже Абдуллаев мәлім етті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«Елбасының тапсырмасы бойынша, азық-түлік өнімдерінің өнімділігін аттыру үшін біздің орталықта полигон құрылғалы жатыр. Ақмола облысында орналасатын полигонның ауданы – 3 мың гектар. Жаңа технологиялардың көмегімен ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру көзделіп отыр. Солтүстіктегі 3 облыста орналасқан 15 млн гектар жерге осы технологияның пайдасы тиеді деген үміттеміз», — деді ғалым.

Сонымен қатар, ол селекция жұмыстарына баса мән берілетінін айтты.

«Ыстыққа әрі ауруға төзімді жаңа сорттарды шығару мәселесі тұр. Осы орайда, Ауыл шаруашылығы әрі ғылым және білім министрліктері бірігіп, үлкен консорциум құрмақ. Яғни ұлттық биотехнология институтыменен біздің орталық жаздық бидайдың ыстыққа, ауруға төзімді жаңа сорттарын шығаруды көздеп отыр», — деді Кенже Абдуллаев.

Осы орайда, ол мемлекет тарапынан тиісті қаржылай көмек көрсетілетінін атап өтті.

«Жаңа технологиялардың көмегімен еліміз ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыруды көздеп отыр. Сондықтан біз цифрлық технологияларды пайдаланудамыз. Бұрын аграрлық ғылымға 10 жыл көлемінде 4,2 млрд теңге бөлінген. Қазіргі таңда үкімет аграрлық ғылымға 15 млрд теңге бөлді. Бұл қаржыға ғалымдар ыстыққа әрі ауруға төзімді жаздық бидайдың жаңа сорттарын шығармақ», — деп түйіндеді сөзін Кенже Абдуллаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.