Димаш Ниязов, Айдар Шәрібаев, Шыңғысхан Тәжібай және Сағадат Рахманқұлов уақытша жарысқа қатысу құқығынан айырылған. Boxrec.com сайты бірден төрт қазақстандық кәсіпқой боксшы спорттан шеттетілгенін жазды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Нью-Йорк штаты атлетикалық комиссиясының Тәжібайды жарысқа қатысу құғынан айыру мерзімі бүгін аяқталады, осы комиссия Ниязовты 27 маусымға дейін шеттеткен. Шәрібаев пен (27 мамырға дейін) пен Рахманқұловқа (19 маусымға дейін) қатысты шешімді Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы қабылдаған.
Санкцияға атақты боксшылар да ілінген: мысалы, Василий Ломаченко (11-1, 9 КО) мен Деонтей Уайлдер (40-0, 39 КО).
Шын мәнінде, бұл «шеттетулердің» ешқандай қаупі жоқ. Боксшыларға жақында өткізген жекпе-жектерінен кейін толығымен қалпына келу үшін медициналық сипатта шара қолданылған.