Мамандар фонтанға неге түсуге болмайтынын айтты

0 8

Фонтанға түскен кезде адам жарақат алып, түрлі ауру жұқтыру қаупі бар. Астананың қоғамдық денсаулық сақтау департаменті фонтанға неліктен түсуге болмайтынын айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

«Мамыр айынан бері қалада фонтандар іске қосылды. Күн ыси бастаған соң, ересектер, әсіресе балалар, салқындап алу үшін фонтанға түскенді жөн көреді», — деп атап өтті департамент.

Алайда, ведомство ескерткендей, фонтанға түсуге тыйым салынған.

«Ол қаланы көріктендіру элементі болып саналады, ауаны ылғалдандырып, қаланың көркін ашу үшін салынған», — деп түсіндіреді ведомство.

Департамент атап өткендей, фонтанға түскен кезде адам жарақат алып, әртүрлі жұқпалы аурулар жұқтыруы мүмкін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.