Президент «Challenge Другой ты!» атты республикалық спорттық бастамаға қолдау білдірді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жасады. Президенттің баспасөз қызметі YouTube-те видео жариялады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.
Президент «Challenge Другой ты!» атты республикалық спорттық бастамаға қолдау білдіріп, акцияға қатысушыларға видеоүндеу жолдады.
Шараның мақсаты – ел тұрғындары арасында дене шынықтыру мен саламатты өмір салтын дәріптеу. Акция аясында отандық спорттағы, мәдениет пен масс-медиадағы белгілі тұлғалардың қатысуымен ашық жаттығулар өткізу жоспарланып отыр.