Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейінде «Ортағасырлық Тараздың құйма керамикасы» атты жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Көшпелі көрме өңірлер арасындағы мәдени байланыстарды нығайту және Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы құнды жәдігерлерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған.
Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған 70-ге жуық жәдігер көпшілік назарына ұсынылды.
Көрмені Түркістан қаласының қонақтары мен тұрғындары бір ай бойы тамашалай алады.