Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінде Жергілікті полиция қызметінің облыстық, қалалық, аудандық ішкі істер бөлімдерінің жеке құрамымен облыстық оқу-әдістемелік семинар-кеңес өткізілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.
Семинарда ішкі істер органдары қызметкерлерімен құқықтық тәртіп пен заңдылықтың сақталуына баса назар аударылды.
Сондай-ақ, жиынға 200-ден астам Жергілікті полиция қызметі бөліністерінің учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары, әкімшілік практика инспекторлары және ІІД, ЖПҚ, Тараз қ. ІІБ, аудандық ішкі істер бөлімдерінің басшылығы қатысты.
Семинар барысында полиция қызметкерлеріне арналған 4 тақырып бойынша қызметте қолдану үшін 1000 данадан астам әдістемелік нұсқаулықтар таратылып, бейнеслайдтар көрсетілді.
Айта кетерлігі, аталмыш семинар ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Бахытжан Ералиннің қатысуымен облысымыздың барлық аудандарында өз жалғасын табуда.