Қазақстанда ағымдағы жылдың шілдесінен бастап зейнетақы төлемдерін алу процесі жеңілдетіледі. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде зейнеткерлік жасқа жеткен әр азамат төлемдердің төрт түрін – мемлекеттік базалық зейнетақы, жасына қарай берілетін зейнетақы, жинақталған зейнетақы және мемлекеттік кепілдіктерді алуға құқылы екендігін айтты.
«Осыған орай, олар осы төлемдерді алу үшін бүгінгі күні бірнеше инстанцияға жүгінеді. Мысалы, мемлекеттік корпорацияға екі рет 2 өтінішпен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін, бір айдан соң тағы да өтінішпен мемлекеттік кепілдік мәселесі бойынша барады. БЖЗҚ-ға бір өтінішпен зейнетақы төлемдерін тағайындау мәселесі бойынша жүгінеді. Енді осы жылдың шілдесінен бастап бұл тәртіп әлдеқайда қарапайым болады», – деді ол.
Оның айтуынша, зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтар зейнетақы төлемдерін алуға тағайындалу үшін бір мекемеге, яғни мемлекеттік ұйымға ғана жүгінетін болады. Төлемдердің үш түрін тағайындау бойынша қызметтердің барлық спектрі бір ғана өтінім негізінде композиттік түрде көрсетілетін болады.
«Мемлекеттік органдардың ақпаратық жүйелеріндегі мәліметтер автоматты түрде қолданылады. Мемлекеттік кепілдік төлемі өтініш жазбай-ақ жүргізіледі. Яғни, төлем сомасы автоматты түрде есептеліп, клиенттің шотына жіберілетін болады. Сонымен қатар, төлемдердің барлық түрлері бір мезгілде бір банк шоты арқылы жүргізіледі», – деді Әбілқасымова.
Министр осы жаңа бұйрық зейнеткерлік жасқа жеткен адамдардың шамамен 70% -ына қатысты екенін айта кетті.