Облыс бойынша 39 білім беру ұйымы тексерістен өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Нәтижесінде 44 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, 1085 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі 2 609 425 теңге айыппұлдар салынды. Ал 15 білім беру ұйымының лицензияларының қолданысы 6 айға дейінгі мерзімге тоқтатылған.
Қордай ауданындағы №4, Мойынқұм ауданындағы №1, ,№3 Байзақ колледжі басшыларының іс-әрекетіне қатысты 20 өтініш түскен.
Нәтижесінде 1 лауазымды тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі 24050 теңге айыппұл салынды.
Сонымен қатар, басқа да білім беру ұйымдарының басшылары тарапынан қызметкерлерге қатысты лауазымын асыра пайдалану сияқты істер тиісті мемлекеттік органдарға жолданды.
Біздің Теlegram – парақшамызда Жамбыл облысы мен Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!