Таразда нашақорлыққа қарсы спорттық фестиваль өтті

0 17

Ағымдағы жылдың 19 мамыр күні Тараз қаласы Н.Тлендиев атындағы мектеп-интернатында «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен мектеп жасындағы қыздар мен ұлдар арасындағы «Зияткерлік спорттық ойындар» фестивалі өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Аталған фестивальге 8 командадан 240 спортшы қатысты. Атап айтар болсақ, Жамбыл, Байзақ, Қордай, Шу, Талас, Жуалы, Т.Рысқұлов аудандары мен Тараз қаласының жастары өзара бақтарын сынады.

Жарысты ұйымдастырған Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Жастар дамуының Жамбыл орталығы» қоғамдық бірлестігі қолға алды.

Жарыстың қорытындысы бойынша Тараз қаласы құрама командасы 1-орынды иеленсе, Талас ауданы 2-орыннан көрінді. Сондай-ақ, Байзақ ауданы құрама командасы 3-орынды қанағат тұтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.