2018 жылдың 21 мамыр күні Ұлттық ойындар күніне орай Ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Аталған шараны Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің өрт сөндіру бөлімшесінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Мейржан Айманов және мекеме фельдшері Ердос Сметовтер ұйымдастырды.
Аталмыш шара барысында алғашқы даярлау мектебінің оқу залында тоғызқұмалақ, қол күрес, және артериялық гипертензияның алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлердің қан қысымы өлшенді. Ал Өрт сөндіру мекемесінің спорттық алаңында асық ату ойыны өткізілді.
Сайысқа қалалық өрт сөндіру бөлімдерінен құрама командалар қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Тараз қалалық №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құрама командасы үшінші орынды місе тұтты. Ал Тараз қалалық №15 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құрама командасы екінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, жүлделі бірінші орынды №3 Өрт сөндіру бөлімінің құрама командасы иеленді.
Өз кезегінде жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы дипломдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.