Құтқаруға дайын болыңыз!

0 0

Жедел — құтқару жасағының құтқарушылары мектеп директорлары және орынбасарларына семинар өткізді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Оқыту семинарларын жаз маусымында жазғы лагерлердің су алаптарында және су айдындарында адам өлімін болдырмау үшін Тараз қаласының білім басқармасы ұйымдастырған.

Құтқарушылар алғашқы медициналық жәрдем көрсетуді теориялық және тәжірибелік түрінде дәріс өткізді.

«Судағы қауіпсіздік ережелері», «Суға батқан адамға алғашқы көмек көрсету» туралы жаднамалар таратылды.

Сонымен қатар, 101 және 112 нөмірлеріне жалған қоңырау шалуға қатысты жауапкершілік жөнінде айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.