Жамбыл облысында «Заңсыз келуші-2018» жедел алдын алу шарасы өтуде, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Нәтижесінде екі күн ішінде аймақта рұқсат құжаты жоқ 500-ден астам шетел азаматы анықталды. Олар енді осы әрекеті үшін заң алдында жауап береді. Сондай-ақ шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқан біздің елдің 25 азаматы да әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Одан бөлек, жедел шараның алғашқы нәтижесі бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды.
Бекзат Досыбаев,облыстық ІІД көші-қон қызметі басқармасының инспекторы:
— Екі күннің ішінде соттың шешімімен 92 азамат біздің елімізден шығарылып жіберілді. Олардың барлығы да ТМД мемлекеттерінің азаматтары болып табылады. Онымен қоса 56 ҚР азаматы жауапқа тартылып отыр.