Жамбыл облысында саудагер әйелді пойызда өлтіріп кетті

0 24

Көліктегі ішкі істер департаментінің қызметкерлері Шу стансасында пойызда әйел өлтірген күдіктіні ұстады. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Көліктегі ішкі істер департаментінің қызметкерлері Шу стансасының жолаушылар пойызында бөлшек саудамен айналысатын әйелді өлтірді деген күдікпен Жамбыл облысының тұрғынын ұстады», — деді ол.

Департамент басшысының айтуынша, күдікті бұған дейін де сотталған және «параноидты шизофрения» диагнозымен диспансерлік есепте тұрған.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Біздің Теlegram – парақшамызда Жамбыл облысы мен Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.