Таразда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры күндері аясында үздік ғылыми жұмыс байқауының жеңімпаздары марапатталды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Биыл ҚР Тұңғыш Президенті Қорының осымен оныншы рет өткізіліп отырған жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Болашақ ғалымдар» атты байқауда Дямуршаев Ислам, Самойленко Никита, Тұман Бағжан «Тараз қаласының экологиялық проблемаларын шешу», сондай – ақ Майрова Жанерке, Аниярбекова Қымбат «Емдік қасиеттері бар трикотаж құрылымын жасау және зерттеу» тақырыбындағы еңбектері үздік деп танылды.
Дәстүр бойынша ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуовпен жастар саясатын дамыту мәселесі, сондай – ақ, ғылым және әлеуметтік салалардағы бірлескен жобалар талқыланды.
Біздің Теlegram – парақшамызда Жамбыл облысы мен Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!