Ақмола мен Павлодар облыстарына жексенбі күні жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын әкелген, суық арктикалық фронттар, республиканың шығысына, оңтүстік пен оңтүстік-шығысына қарай жылжуда. Сонымен байланысты алдағы тәуліктерде жаңбыр сақталады, шығыста түнде жаңбыр сулы қарға ұласуы мүмкін, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында ауа райы жағдайының күрт өзгеруі сақталады. Солтүстік облыстарда қайтадан жаңбырдың сулы қарға ауысуы, үсік болуы мүмкін, оңтүстікте өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.