Үкіметтік емес ұйымдарды қайта тіркеу қашан басталады

0 5

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов үкіметтік емес ұйымдарды қайта тіркеу мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы «Zhambylnews» АА хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айта кеткен жөн, жақында  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дарxан Кәлетаев үкіметтік емес ұйымдарды қайта тіркеуді ұсынды. Министрдің айтуынша, соңғы он жылдың ішінде үкіметтік емес ұйымдардың саны үш есеге артып, 20 мыңға дейін жетті. Осы уақыттың ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың көлемі 13 есеге өсті. Биыл мемлекеттік тапсырыс 19 млрд теңгеден асып отыр. «Меніңше, бұл — өте көп қаржы. Енді қараңыз, республикада 20 мың үкіметтік емес ұйым тіркелді дедік қой, бірақ нақты қанша ұйым жұмыс істеп жатыр? Министрліктің ақпаратына сәйкес, гранттарды алу үшін тек 4,5 ұйым ғана тіркеуден өтті. Әділет министрлігі мен Қаржы министрлігі ұсынған мәлімет бойынша 10 мыңнан астамы қаржылай есеп беріп отырады. Ендігі мәселе, қоғамдық ұйымдарды қайта тіркеуден өткізу керек пе? Ондай шара қоғамды дүрліктіруі мүмкін. Дегенмен, аталған шара қажет деп ойлаймын», — деді Д.Кәлетаев бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесте.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкеновтің сөзіне қарағанда, үкіметтік емес ұйымдарды қайта тіркеу мәселесі әлі шешілген жоқ. Аталған бастаманы кеңінен талқылап, заңмен бекіту керек. «Министр бұл мәселені ой ретінде айтты. Оны әлі талқылау қажет. Үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар өз пікірін айтуы керек қой. Министр болса, шешімнің бір түрі ретінде жеткізді. Әзірше, әртүрлі пікірлер бар. Біреулер қолдаса, енді біреулер қиындау болады деп отыр. Енді, әр мәселеде қолдайтындар мен қолдамайтындар болады ғой. Негізі, ол — пісіп-жетілген мәселе. Оны бір жағына шығару қажет. Әрине, оның ішінде біраз мәселелер бар. Мәселен, қарыз болып қалған үкіметтік емем ұйымдарды қалай қайта тіркейміз? Сұрақтар көп. Бірақ бір жағына шығуымыз қажет. Қайта тіркеудің әртүрлі тетіктері бар. Біз өзіміз шешім қабылдай алмаймыз. Оны заңмен қабылдау қажет. Ал заңның алдында үлкен талқылаулар болуы керек», — деді А.Нүкенов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

фАйта кетейік, бүгін ҚР Сенатының мәдени-әлеуметтік даму және ғылым комитетінің отырысында үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысты заң жобасы қаралды. Комитет мүшелері аталған құжатты мақұлдап, Сенаттың жалпы отырысына шығаруға рұқсат берді.  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкеновтің айтуынша, бүгінгі заң жобасында үкіметтік емес ұйымдарды қайта тіркеу мәселесі жоқ. «Жо-жоқ, бұл заңда жоқ ол. Болса да, басқа заң жобасымен талқылайтын боламыз. Қазіргі заңда қарастырылмаған. Қалай болса да, үкіметтік емес ұйымдарды қайта тіркеу мәселесі заңмен бекітіледі», — деп атап көрсетті А.Нүкенов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.