Жамбыл облысында жастар арасындағы туризм дамып келеді

0 3

Ағымдағы жылдың 30-мамыр күні  «Астана ЭКСПО-2017»ҰК» АҚ-ы, Жамбыл облысы әкімдігі мен Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қояды. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды.

Мақсаты: «Астана ЭКСПО-2017»ҰК» АҚ-ы Халықаралық мамандандырылған көрменің жұмысын қалпына келтіргеннен кейін, көрме нысандарына, оның ішінде балалар мен жастарды дамытуға, сондай-ақ студенттер мен студенттерге арналған білім беру туризмін дамытуға белсенді кірісті.

Бұл орайда жасөспірімдер мен студенттердің қызуғушылығын ескере отырып, физика, биология, тарих, география, химия, туризм және басқа да пәндер бойынша «Kids Future Energy» және «Students Future Energy» атты ашық сабақтар өткізбек. Осы мақсатта Тараз қаласында Жамбыл облысының білім беру мекемелерінің басшыларымен, туристік бизнестің өкілдерімен және де осы бағытта қызығушылық танытқан сала мамандарымен кездесулер ұйымдастырылмақ.

Кездесу барысында ашық сабақтың мақсат-міндеттері түсіндіріледі. Ал жиынның қорытындысы бойынша үшжақты меморандумға қол қойылады.

Өтетін орны: Тараз қаласы, Төле би көшесі, №60, (ТарМУ 3 корпусы, 3 қабат «Тәуелсіздік» залы) 

Уақыты: 30 мамыр 2018 жыл, сағат 14.30

Толық ақпарат: Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасы

+7 (7262)43 88 31, 43-89-04, эл. почта 438904@mail.ru

Баспасөз хатшысы Елена Пак: +7019042559, e-mail: elena-taraz@mail.ru

Leave A Reply

Your email address will not be published.