Энергетика министрі жанармай құнының көтерілуіне әсер ететін бірнеше себепті атады. Бұл туралы «Zhambylnews» AA КТК арнасына сілтеме жасап.
Қанат Бозымбаев, Энергетика министрі:
-Қазір бензин бағасына екі фактор әсер етуі мүмкін. Ресейде баға өсіп жатыр. Жалпы нарықта да баға өсуде. Бізде өзіміз шығаратын бензиннің көлемі 1,5 есе өсті.
Яғни, қазір қорда 320 мың тонна бензин бар екен. Ал ішкі сұранысқа 200 мың тонна жетеді. Бозымбаевтың айтуынша, осы артық бензинді сатып тауысу керек. Әйтпесе 3 мұнай өңдеу зауыты толық іске қосылған соң жанармай қоры 600 мың тоннаға жетуі мүмкін. Бұл — профицит яғни артық деген сөз. Сондықтан, үкімет үш айға темір жолмен импортталатын бензинге тыйым салмақ. Ал жыл соңына дейін ішкі нарықты отандық жанармаймен 100 пайыз қамтамасыз етеміз дейді Бозымбаев. Дегенмен министр біздің нарық Ресейдегі жағдайға тікелей тәуелді екенін жасырмады. Егер көршілеріміз көтерме және бөлшек бағаны күрт қымбаттатса ол елімізге де әсер етпей қоймайды.