1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні 17 жасқа дейінгі балалар ЭКСПО-2017 көрмесінен қалған «Нұр Әлем» — «Болашақ энергиясы» музейіне тегін кіре алады. Бұл туралы «Zhambylnews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Нұр Әлем» — «Болашақ энергиясы» музейі Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «17 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін» акциясын өткізеді. Бұл күні балалар мен жасөспірімдер мұхит кескіні және әр қадаммен жылдамдығы артатын жасанды жел, ғарыштық өнертабыстар мен ай бетіндегі инсталляция, шыны көпір, интерактивті экспонаттар мен болашақ технологияларымен таныса алады», — делінген «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің ресми хатында.
Музейге тегін кіру үшін балалар туу туралы куәлігін немесе 16 жастан асқандар жеке куәлігін (немесе көшірмесін) ала келуі тиіс.
Одан бөлек, кішкентай қонақтар Көрме аймағындағы ғажайып субұрқақ шоуын тамашалап, балаларға арналған бірегей ойын алаңдарында серуендей алады.