Елімізде тағы бір адам менингиттен көз жұмды

0 14

Жігіт ауруханаға өте ауыр хәлде түскен, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Талдықорғанда медициналық колледждің он жеті жастағы студенті менингиттен қаза тапты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Жас жігіт дүйсенбі 4 маусым күні Талдықорғанның жұқпалы аурулар емханасына түскен.

«Түскен кезде өте ауыр хәлде болатын. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Кешкі алты жарым кезінде көз жұмды», — деп хабарлады Жүкел.

Қазақстанда менингит ауруын жұқтырған алпыс науқас тіркелді. Бұдан бұрын хабарланғандай, дерт салдарынан он екі адам көз жұмған, олардың бесеуі – 14 жасқа толмаған балалар. Менингиттен қаза тапқандардың басым көпшілігі Алматыдан.

Қазақстанда менингитке қарсы екпені ақылы жасатуға болады: бағасы Алматыда 22 мың 500 теңгеден басталып, Астанада 28 мың теңгеге дейін жетеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.