Жандарбек Бекшин менингиттің таралу себебін анықтауға кірісті

0 3

Менингит жұқпасының еліміздің аумағында таралуы себебін анықтауға үш апта уақыт керек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Материалдар жинадық, геномдық сараптама жүргізілетін болады. Содан кейін сипаттамасына салыстырмалы сараптама жасап, қорытынды шығарамыз. Меніңше, бұл жұмыстарға шамамен үш апта уақыт кетеді», — деді Бекшин.

Оның айтуынша, осы жұмыстар аяқталғаннан кейін менингит жұқпасының елімізде бұрыннан бар дерт екендігі, туристер не шетелдік қонақтардан таралғаны нақты анықталатын болады.

«Біздің халқымыз да бизнес мәселелерімен туристік сапарлармен үнемі қозғалыста болады. Қазақстанның ішінде де көші-қон процесі өте жоғары», — дейді Бас санитарлық дәрігер.

Айта кетейік, жыл басынан Қазақстанда менингит инфекциясын жұқтырған 58 науқас тіркелді. Олардың 18-і 14 жасқа дейінгі балалар. Дерттен 13 адам көз жұмды, соның ішінде бесеуі 14 жасқа дейінгі жеткіншектер екендігін белгілі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.