Байзақ ауданында 100 га аумақта қураған шөп өртенді

0 15

Жамбыл облысының Байзақ ауданында 100 га аумақта қураған шөп өртенген,- деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ТЖД сілтеме жасап.

Өрт 4- мамыр күні шамамен 14 сағат 57 минут кезінде Байзақ ауданындағы «Белқұдық-Қарамату» бөлігінің орман және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік мекемесіне тиесілі аумақта болған. Мұнда қураған шөп пен бұталар өртенген. Жалын шарпыған аумақ алдын ала мәліметтер бойынша 100 гектарды құрап отыр.

Өрт сөндіруге Байзақ, Луговой аудандарындағы орман және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік мекемесінің 16 техникасы мен 50 жұмысшысы, сондай-ақ облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 56 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылған. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сағат 23:00-де оқшауланып, түнгі сағат 01:20-да толықтай сөндірілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.