Өрт сөндіру мекемесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күніне арналған митинг өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Аталған іс — шараға Жамбыл облысы өртке қарсы қызметінің 200 жуық қызметкері қатысты.
«1992 жылдың 4 маусымында тұңғыш рет Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері бекітілді. Міне осы күн Мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде тарих тақтасына қашап жазылды. Өз Отанын қадірлеп, қастерлеу Көк байрақ ту, Елтаңба, Әнұран секілді мемлекеттік рәміздерімізге құрмет көрсетуден бастау алады дей келе, мемлекетіміздің мемлекет болып аяғынан нық басуы үшін жасалатын басты қадамдардың бірі — ол осы аталған үш Мемлекеттік рәміздер арқылы орнамақ. Ал бұл біздің Тәуелсіз Отанымызда бар болып табылатын қасиет. Ол дегеніңіз еліміздің зайырлы да саяси Тәуелсіздік белгісі болып табылады»,- деді мекеме бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Мақсат Амантайұлы Қосыбаев.