Премьер-министр менингококк вакцинасының бағасын төмендету туралы тапсырма берді

0 16

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы менингококк инфекциясына қатысты есеп беруді және инфекцияға қарсы вакцина құнының жоғарылығына наразылық білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews. 

«Вакцина мәселесін шешуіміз керек. Кеше маған ірі компанияның басшысы келіп, жұмысшылар алаңдаулы, барлығына бірдей вакцина салу керекпіз бе деп сұрады. Оларға вакцина туралы ақпаратты ешкім таратпаған. Екпенің бағасы өте жоғары: бір аймақта 40 мың, бір аймақта 20 мың. Бұл жағдайды министрліктер мен әкімдіктер қолдарына алып бақылауы және вакцинаның бағасын төмендетуі керек. Дүрбелеңге салынудың қажеті жоқ»,- деп айтты Премьер.

«Жұқтырғандар көбейіп жатыр. Өкінішке қарай, қайтыс болып жатқандар бар. Осының барлығына түсінік беріп отыруды сұраймын. Қазір қоғамда да осы мәселе талқыланып жатыр. Қолданылып жатқан шаралар жайлы айтып берулеріңізді сұраймын», — деді премьер-министр денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа.

Министрдің баяндамасынан кейін Сағынтаев халықпен түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігін мәлімдеді.

«Бұл мәселе бәрімізді алаңдатып отыр. Әлеуметтік желілерде де қызу талқыланып жатыр. Штаб жұмысы көпшілік алдында көрсетілуі керек. Әрбір болып жатқан жағдай халыққа түсіндірілуі қажет. Түсіндірме жұмыстарын белсендірек жүргізу керек. Вакцинациялау мәселесіне де жеткілікті назар аударылып жатыр», — деді Сағынтаев.

«Тағы бір мәселе — ауруханалар пациенттерді қабылдамайды, оларды облыс пен қала тұрғындары деп бөледі. Бұндай жағдайда барлық ауруханалар жедел қимылдауы керек. Кеше оқыдық: Талғардан Қаскелеңге жету үшін екі сағат уақыт кеткен. Анасы үш сағатта баласынан айырылғанын айтты. Талғардан Қаскелеңге дейін көп уақыт қажет. Неліктен пациент Алматыға жіберілмеді? Неге мұндай жағдайда науқастар шұғыл түрде қабылданбайды? Егер бұл әкімдердің шешімі болса, олар осы инфекциямен ауыратын науқастардың барлық ауруханаларда қабылданатынын айтуы керек. Бұл мәселеде Елжан Амантайұлының жұмысындағы кемшіліктер бар, бүгін ол жолға шығып, бәрін өз көзімен көреді. Қажетті шешімдер қабылдап, халыққа түсініктемелер берумен айналысады », — деп тапсырды Премьер-Министр.

Сондай-ақ, премьер-министр әкімдерден өз өңірлеріндегі жағдайды бақылауға алуды сұрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.