Биыл «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы бесінші рет өткізіліп отыр, — деп «Zhambylnews» AA.
Байқаудың бірінші кезеңі 1-31 сәуір аралығында өткізіліп, Тараз қаласы мен аудандардан барлығы 165 отбасы қатысқан. Олардың 68 – і көп балалы, 36 – ы жас, 14 – і түрлі этнос өкілдерінен құралған, 29 – ы кәсіптік шеберлігін ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп отырған отбасылар болған.
Байқаудың облыстық деңгейіндегі кезеңіне 44 отбасы жолдама алып, нәтижесінде бас жүлде Т. Рысқұлов ауданының тумалары Ниязқұлов Үмен мен Ниязқұлова Баянға бұйырды. І орыннан Шу ауданының тұрғындары Қораласбаев Қила мен Қораласбаева Зәуре, ІІ орын Меркілік Қадырханов Дәуіт пен Абитбаева Райкуль, ІІІ орын Жамбыл ауданының тұрғындары Мұсаев Жамбыл мен Абуева Алтын жеңіп алды.
«Мерейлі отбасы — 2018» облыстық байқауының жеңіспаздарының құжаттары қыркүйек айында өтетін гранд – финалға қатысу үшін Астана қаласына жіберіледі.
Республикалық деңгейдегі 16 үміткерден үздік отбасы смс – хабарламалар және интернет – ресурс арқылы дауыс беру жолымен іріктеледі.