Астанада дәрігерлер тағы бір баланың менингококк инфекциясын жұқтырғанын растады

0 10

6 маусымдағы жағдай бойынша Астананың балалар жұқпалы ауруханасында менингитпен екі бала жатыр. Бұл туралы аурухананың бас дәрігері Сәуле Нұрашева айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ауруханаға 29 мамырда түскен бірінші баланың жағдайы жақсы, бала анасымен, қажетті ем алып жатыр. Ал 4 маусымда түскен балаға диагноз қойылды: менингококк инфекциясы. Жағдайы тұрақты, ем алып жатыр», — деді дәрігер.

Еске сала кетейік, 4 маусымда Астанада екі жасар бала менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған болатын. «Ұл бала, 2 жыл 1 айлық, менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті. Сараптама нәтижелерін күтіп отырмыз. Денесінде бөртпелер жоқ, бірақ жансақтау бөлімінде жатыр», — деген еді дәрігер.

Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде 13 адам менингококк инфекциясынан қайтыс болды.

Мұның алдында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингококк инфекциясына байланысты карантин жарияланбайтынын айтқан еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.