Айбынымызды асырған, мерейімізді тасытқан…

0 6

Қазақстан Республикасында Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран төл рәміздерге жатады. Ал, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңы 2007 жылы 4 маусымда қабылдануына орай бұл күн мемлекеттік рәміздер күні болып мерекеленеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Биылғы жылы мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 26 жыл толып отыр. Бұл айтулы дата еліміздің әрбір патриот азаматы  үшін тәуелсіздікпен егіз ұғым болуы тиіс деп білген жөн.

Оның үстіне биылғы жылдың ең басты мерекесі – еңселі елдің ордасы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы. Әлбетте, елорда тойы аясында да мемлекеттік рәміздеріміз төрге озатыны анық.

Экономикасын бір арнаға  түсіріп, ел ішінде тұрақтылық орнатты. Шекарасын шегендеп, көрші елдермен лайықты қарым-қатынас орнатты.

Міне, содан бері тұлпарымыз сүрініп, туымыз жығылып көрген емес. Өзінің тым тереңнен бастау алатын төл тарихы, басқа халықтарда кездеспейтін мәдениеті мен өміршең салт-дәстүрі бар екенін паш етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.