Жамбыл облысында «Әкелер одағы» құрылады

0 18

Еліміз бойынша «Әкелер Форумы» үшінші рет өткізілген. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы – демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Бақыт Жақсылықова мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Ағымдағы жылдың 1 маусымында ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасы – демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында үшінші республикалық әкелер форумы өткізілген. Форум Ақтөбе облысында жарияланған «Бала жылы» аясында ұйымдастырылған. Шараға еліміздің әр түкпірінен келген 200 – ге жуық әке қатысты. Олардың әрқайсысы отбасында, қызметінде үлгі көрсетіп, бала тәрбиесінде өз жауапкершілігін сезінген әкелер.

Аталған форумға «Освобождение — Юг» қоғамдық қорының президенті Дәурен Бағжанов, 7 баланың әкесі жеке кәсіпкер Ғалымжан Қалымбетов барып қайтқан.

Тағылымы мол шара облысымызда «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігін құрылуына мұрындық болып отыр. Қазіргі таңда, Жобаның міндеттемелері айқындалып, құжаттары әзірлену үстінде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.