Міндетті әлеуметтік сақтандыру — халықтың денсаулығын қорғау

0 0

№51 Бәйтерек бастауыш партия ұйымы осындай тақырыпта кездесу өткізді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

«5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында» ұйымдастырылған іс – шарада сақтандыру қоры туралы мәліметтер, әлеуметтік төлемдердің 3,5%- дан — 5%-ға дейін көтерілетіндігі айтылды.

«Медициналық сақтандыру міндетті және ерікті сақтандыру жолымен жүзеге асырылады, міндетті медициналық сақтандыру мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың бір бөлігі болып табылады және мұнда сақтандыру жарналарын жұмыс істеуші азаматтар үшін кәсіпорынның, ұйымның, басқа да жұмыс берушілердің қаражатынан төленеді, ал еңбекке жарамсыздар, жұмыссыздар үшін тиісті деңгейдегі қаражат бюджеттен аударылады», — деді медициналық сақтандыру қорының бастығы Тұрғын Жігітеков.

Сонымен қатар, қазіргі таңда үкімет тапсырысының 67% орындалып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.