Республика бойынша барлығы менингит жұқтырған 24 адам емделіп жатыр.
ҚР денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы – ҚР бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин елімізде менингококк инфекциясы бойынша ахуал қандай екенін айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Sputnik Қазақстан- ға сілтеме жасап.
«Бүгінгі таңда менингитпен ауыру бәсеңдеді. 17-ші аптада инфекция жұқтырғандар саны өте көп болған еді, жалпы республика бойынша бір апта ішінде инфекция жұқтырған 13 адам тіркелді. Қазір менингит инфекциясы бәсеңдеп келеді, бір қуантарлығы Алматыда төрт тәулік бойы менингококк инфекциясын жұқтырғандар тіркелген жоқ», — деді Бекшин ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, қазір бүкіл Қазақстан бойынша 24 адам ем қабылдауда, оның 12-сі – Алматы қаласында.
«Үш бала жансақтау бөлімінде жатыр, біреуі – Алматы облысында, екеуі – Астанада. Алматыда жансақтау бөлімінде жатқандар жоқ. Бүгінде Алматыда 360 адам ерікті түрде өзіне вакцина салдырды», — деді ол.
Сондай-ақ, бас санитарлық дәрігер облыс орталықтарында қауырт жел жұмыс істейтінін атап өтті. Облыстық Call орталықтарға екі күн ішінде 8 мыңға жуық қоңырау түскен.