Жуалы ауданында автокөлік отқа оранды

0 7

Жуалы ауданындағы  Б. Момышұлы ауылында «Audi-80» маркалы автокөлігі өртенген, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Өрт маусымның  6 күні  сағат 23:08-де басталып, сағат  23:22 шамасында оқшауланып,  23:28-де ТЖД  4 қызметкері мен 1 техниканың  күшімен толық сөндірілген.

Өрт салдарынан автокөлік толық жанып кеткен. Жарақат алғандар мен қаза болғандар жоқ.

Сондай-ақ,  ТЖД бөлімшелері – 17 рет жедел шығып, оның ішінде өрт оқиғалары – 3, жану оқиғасына – 11, авариялық-құтқару жұмысына – 1, әр-түрлі сипаттағы  оқиғаларға – 2 рет шыққан.

Меркі ауданы, «Сарықоба» орман шаруашылығы, «Тайсоған» учаскесінде орман шаруашылығы аумағында қураған шөп өртеніп жатыр, өрт алаңы анықталуда.

Оқиға орнына  Меркі, Т.Рысқұлов және Ақыртөбе «Орман және жануарлар дүниесін қорғау бойынша» 47 қызметкер және 10  техника, ТЖД  55 қызметкер және 5 техника  жіберілген.

Сонымен қатар, Тараз қаласы, Көшеней көшесі жеке тұрғын үй ауласында монша және қосалқы құрылысы  өртке оранған.  Өрт сағат 08:10-да оқшауланып, 08:28-де ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 22 қызметкері мен  6  техниканының  күшімен толық сөндірілді. Жарақат және қаза болғандар жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.