Облысы әкімі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті

0 6

Асқар Мырзахметов үкіметтік емес ұйым жетекшілерін қабылдап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Басқосуда «Жамбыл облысы азаматтық альянсы қауымдастығы», «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігі, «Ақбұлақ» қоғамдық бірлестігі, «Жамбыл облыстық қоғамдық бақылау және мониторинг орталығы» қоғамдық қорының басшылары облыс басшысымен өңірдегі маңызды мәселелерді талқылады.

Өткен жылы облыс бюджетінен үкіметтік емес ұйымдардың қызметін қаржыландыруға 706 млн теңге бөлінді. Ал биыл бұл қаражаттың көлемі 731,4 млн теңгеге артқан.

Жалпы облыста 753 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Қазіргі таңда оның 400-і нақты қызмет жасауда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.