Ұялы телефондарды тіркегеннен кейін қазақстандықтар жайында мәлімет қайда сақталады

0 5

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қазақстандықтардың ұялы телефондарын тіркегеннен кейін, жеке ақпарат қайда сақталатындығын айтты — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  Zakon.kz — ке сілтеме жасап.

Осылайша, ұялы байланыс операторлары байланыс желісінде жиналған барлық ақпаратты (IMEI кодты) ұялы байланыс желісіндегі абоненттік құрылғылардың сәйкестендіру коды жиналған бірыңғай дерекқорына сақтайды.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабының 3-тармағына сәйкес ұялы байланыс абоненттік құрылғысын тіркеу үшін оның иесі жеке сәйкестендіру нөмірі туралы ақпарат береді (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірін (заңды тұлғалар үшін) IMEI кодын, абоненттің нөмірін, — деп жауап берді ведомство ресми сауалға.

Елде шығарылған немесе импортталған мобильді құрылғылар тіркелуі шарт. Қазақстан аумағында роумингте орналасқан немесе машиналар арасындағы өзара байланысуға арналған құрылғылар үшін тіркеу талап етілмейді.

Егер жеке ақпарат жария болса, дерекқордың операторы жауап береді.

Қазіргі уақытта қолданыстағы абоненттік құрылғыларға тіркеу ережесіне сәйкес өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл түзетулер нақты рәсімдеу мен толық тіркеу механизмін реттейді.

Абоненттік құрылғылардың тіркелуін жеңілдету үшін ұялы байланыс операторында абонент иесінің ЖСН-і болған жағдайда, ұялы байланыс операторларының абоненттік бөлімшелеріне бару қажет емес. Қазіргі уақытта ұялы байланыс абоненттік құрылғысын тіркеу ережелері әділет органдарында мемлекеттік тіркеуде, — деп ақпарат берді ведомствада.

Ережелерді тіркегеннен кейін, қоғамдық және қолжетімді жерлерде тіркеу процедурасын жетілдіріп, жұмыс барысын жеңілдету үшін тиісті ақпараттандыру іс-әрекеттері жүргізіледі деді,- министрлікте.

Leave A Reply

Your email address will not be published.