Министрлік қазақстандықтардың табысын көтеруді жоспарлап отыр

0 4

Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес, жан басына шаққандағы ЖІӨ өсімі 46,1 мың долларға жеткізілмек

Қазақстанда 2025 жылға қарай аз қамтылған азаматтардың табысы көтеріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда халықтың 40%-ы – аз қамтылғандар. Олардың табысы 2025 жылға қарай 22,8%-дан 27%-ға дейін арттырылады.

«Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары аясында халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ өсімін 46,1 мың АҚШ долларына дейін, еңбек өнімділігін жылына орта есеппен 4,7%-ға жеткізу міндеті тұр. Елдің әлеуетін көтеру міндеті халықтың өмір сүру сапасын арттырумен қатар жүруі қажеттігін жақсы түсінеміз», — деп келтірді ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің сөзін баспасөз қызметі.  

Бұл үшін, министрдің айтуынша, халықтың өмір сүру ұзақтығын 72-ден 75 жасқа дейін көтеру, 40% аз қамтылған халықтың табысын жалпы табыс көлемінің 22,8%-нан 27%-ға дейін арттыру, орта білім беру сапасын PISA тестін (Оқушылардың білімдегі жетістігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы) қолдану арқылы жақсарту қажет.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.