Таразда 29 жастағы Қырғызстан азаматынан іріңді менингит анықталды

0 13

Таразда 29 жастағы Қырғызстан азаматшасы іріңді менингит диагнозымен ауруханаға түсті. Ақ халаттылардың айтуынша, науқас вирусты осыдан жеті күн бұрын жұқтырған. Мұны Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының мамандары хабарлады. Науқас Таразға көрші қырғыз елінен мамыр айының соңында келіпті. Енді ол жақын қарым -қатынаста болған адамдар тексеріле бастайды. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасап.

Жамбыл облыстық инфекциялық аурулар ауруханасына науқас кеше сағат 10-дар шамасында ғана жатқызылған. Ауруханаға тамағы ауырған соң келіпті. Дәрігерлер тексере келе тамақ тұсы ісіп, іріңдеп тұрғанын анықтайды.

Сағыныш Нұрқабылова, Жамбыл облыстық инфекциялық аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

— Қазіргі анықталғаны іріңді менингит. Біз алған жұлын сұйықтығын 2 зерттеуге жібереміз. Біреуін кәдімгі клиникалық зерттеуге, құрамында қанша лейкоцит бар, қанша лимфацит бар, жасушасы қанша, қанты қанша деген сияқты.  Лимфацитке қарағанда лейкоциті көбірек болғаннан кейін оны іріңді менингит деп айтуға болады. Жазылады, іріңді менингит жазылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.