«Казфосфат» ЖШС кенішінде бір жұмысшы қаза тапты

0 5

Жаңатас қаласындағы  «Казфосфат» ЖШС мекемесінің «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінде жұмыс кезінде көлік жүргізушісі қаза болды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ТЖД сілтеме жасап.

Оқиға 10 маусымда сағат 13:04-те «Көксу» кенішінде болған, 2011 жылы шыққан «БелАЗ-75131» жүк автокөлігін жөндеу барысында борты жоғары вольтты желіге тиіп, нәтижесінде 1978 жылы туған жүргізуші оқиға орнында қаза болып, 1970 жылғы және 1965 жылғы екі азамат ауруханаға жатқызылған, сонымен қатар, жүк автокөлігі өрттен толығымен жанып кеткен.

Өрт «ӨСжАҚЖҚ» 4 қызметкер мен 1 техника және объектік МЕӨСҚ 8 адам мен 3 техниканың күшімен сағат 14:25-те оқшауланып сағат 15:20-да толығымен сөндірілген.

Сонымен қатар, ТЖД бөлімшелері –11 рет жедел шығып, оның ішінде өрт – 1, жану оқиғасы – 8, әр-түрлі сипаттағы –2 оқиға тіркелген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.