Олардың не үшін елді дүрліктіріп жүргендерін тергеушілер сұрап біледі. Еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшиннің айтуынша, бүгінде аурудың таралу қарқыны төмендеді. Алайда, осыған дейін көз жұмған науқастардың енді туыстары ауруханаға түсіп жатқан көрінеді. Бұл туралы «Zhambylnews» AA КТК арнасына сілтеме жасап.
Алматы облысында менингиттен қайтыс болған бір үйдің 5 жасар баласы мен 18 жастағы болашақ келінінен кейін, үшінші адам белгілерімен ауруханаға түсті. 2001 жылғы бала олармен тығыз байланыста болған екен. Сондай-ақ, 3-маусым күні өмірі үзілген өрт сөндіру қызметкерінің бауыры да ыстығы көтеріліп, ауруханаға өзі барыпты. Ал осы аптада Астанада тағы екі науқас: ересек еркек пен әйел адам анықталып отыр.
Жандарбек Бекшин, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:
-Олардың диагноздары осы менингит тәрізді. Ішінде бас ауру бар, дене қызуының көтерілуі. 1980-жылғы азаматша онда тіпті денесінде сәл-сәл дерттер шықты. Сондықтан осы екі азаматқа болжамды диагноз қойылды.
Дегенмен, статистика бойынша аурудың таралуы біраз бәсеңдеген. Биыл бұл дертке 60 адам шалдықса, соның 27-сі жазылып шыққан. 13 адам көз жұмды. Ал 20-сы емделіп жатыр. Инфекцияның ендігі таралуын шектеу үшін дәрігерлер адам көп жиналатын жерлерге аса мән беріп отыр. Әсіресе, маусымның 11-інен 12-сіне қараған түні барша мұсылман Қадір түнін күтеді. Соған байланысты, мешіт имамдарына біраз ұсыныс берілді.
Жандарбек Бекшин, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:
-Генеральная уборка дейміз, тазалауын, жууын және дезинфекциялық заттармен істеуін талқыладық және осындай ұсыныс бердік. Және осы мешіттердің ішін желдету қондырғыларын қосу, оларды жөндеп қоюына ұсыныс бердік.
-Осы айдың 20-сы мен 30-ы аралығында елімізде ұлттық бірыңғай тест өтеді. Бас санитар тура сондай жағдайды тестілеу жүретін ғимараттарда да жасау керектігін ескертіп отыр. Ал жалған ақпармен елдің зәресін алып жүргендер көбіне интернетте немесе медициналық оқулықтарда тұратын суреттерді шебер пайдаланады екен. Олардың не мақсат көздегенін енді тергеушілер анықтайды.