350 тонна қысқы отын Құмшағал, Шөлдала аумақтарының аз қамтамасыз етілген отбасыларына таратылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Қайырымдылық акциясын «Өркениет» қоғамдық қоры ұйымдастырған. Тараз қаласының 11 – округі: Құмшағал, Шөлдала, Жиделі, Көлтоған мен 28 саяжайдың аз қамтамасыз етілген, көпбалалы 110 отбасының әрқайсысына 3 тоннадан тегін көмір үлестірілді.
Аталған округтегі 20 241 адамның ішінен тегін көмір алатындардың тізімін қала әкімдігі қатаң қадағалауында болған. Сонымен қатар, жүк көліктерімен көмектесіп, қыстық отынды үйлеріне жеткізіп алуды қамтамасыз етті.
Қоғамдық қор мұнымен шектелмей, жақын арада тағы акция ұйымдастырып, тегін азық – түлік таратуды жоспарлап отыр.