Жамбылдың жыр қағаны–2018

0 6

Поэтикалық дуэль Тараздағы «Төрткүл» тарихи-мәдени кешенінде республикаға танымал жас ақындардың қатысуымен өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Мәдениет басқармасына сілтеме жасап.

Іс — шараны облыс әкімдігінің мәдениет архивтер және құжаттама басқармасы, жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық кәсіподақтар бірлестігі ұйымдастырған. Жас ақындардың поэтикалық дуэлі Қазақстан Жазушылар Одағының бастамасымен қолға алынып, алғашқы поэзиялық кеш Алматы қаласында ұйымдастырылған болатын. Оның ізін ала ақындар Қарағанды қаласында бас қосты.

Эстафета форматында ұйымдастырылған шараны өткізу кезегі Жамбыл облысынан кейін Шығыс Қазақстан облысына берілді.

«Жамбылдың жыр қағаны–2018» жыр додасынан үздік шыққан жас ақын Нұрболат Жолдасбек «Жамбылдың жыр қағаны–2018» атағымен қоса, 400 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықты қанжығасына байлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.