«Кедентрансервис» АҚ вице-президенті Ғалым Мұқанов қамауға алынды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы шешімнің қабылданғанын растады.
«Астананың Есіл аудандық № 2 сотының шешімімен 2018 жылдың 8 маусымында Мұқанов Ғалым Қасқырбайұлы мен Уваев Дулат Серікұлын екі айға, яғни, 2018 жылдың 6 тамызына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер.
«Кедентрансервис» АҚ сайтында жарияланған мәліметтерге қарағанда, Ғалым Мұқанов еңбек жолын 1999 жылы Сумен және жылумен қамту және санитариялық-техникалық құрылғылар дистанциясында ӨТБ жылумен қамту шебері, жетекші инженері ретінде бастаған.
2000 және 2003 жылдар аралығында «Қазақстан темір жолы» РМК ЕМК «Желдорводотеплоснабжение» инженері, бас маманы.
2003 және 2008 жылдар аралығында «Темір жолы» Сауда үйі ЖАҚ менеджері, бас менеджері, бөлім бастығы.
2009 және 2011 жылдарда «Станэлектромаш» Сауда үйі» ЖШС директорының коммерциялық сұрақтар жөніндегі орынбасары.
2011 жылдың маусым айынан 2013 жылдың қазан айына дейін «Кедентранссервис» АҚ Сатып алуларды ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамту басқармасының бастығы, Сатып алуларды ұйымдастыру және шарттар мониторингісі басқармасының бастығы.
2013 жылдан бастап «Кедентранссервис» АҚ сатып алулар жөніндегі атқарушы директоры қызметінде болды, ал 2014 жылдың 28 мамырында «Кедентранссервис» АҚ Сатып алулар жөніндегі Атқарушы директор қызметіне тағайындалды.
2016 жылдың 6 мамырынан бастап «Кедентранссервис» АҚ Өндірісті қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенттің міндеттерін атқарушысы болып тағайындалды.