Өңір экономикасының барлық саласында өсім бар

0 6

Жыл басынан Жамбыл облысында экономиканың барлық салаларында өсім байқалады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кезекті отырысында белгілі болды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтар болсақ, өнеркәсіп саласында есепті кезеңде 165,7 млрд.теңгенің өнімін өндірген. Бұл орайда тау-кен өнеркәсібінде өсімнің 15,6 пайызды құрағандығын атап өткен жөн.

Сондай-ақ, өңір экономикасының саласы ауыл шаруашылығында да алға жылжу бар. Оның ішінде агро салада ағымдағы жылдың алғашқы 5 айында 39,4 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. Саладағы өсімге ет, сүт, жұмырт өндіру көлемінің артуы себеп болып отыр.

Сол секілді, аймаққа тартылған инвестиция көлемі де еселеп артуда. Облыстағы инвестицияның негізгі бөлігі Жуалы ауданындағы «Burnoye Solar» күн электростансасына құрал-жабдықтар алуға, Мойынқұм ауданы «ОРГ-СТРОЙ» ЖШС-нің филиалының әрлеу тастарын өндіретін және өңдейтін зауыт құрылысын салуға және Сарысу ауданында «ЕвроХим» Қаратау» ЖШС химиялық тыңайтқыштар өндіретін зауыт құрылысына салынған.

Соңғы кездері өңірде құрылыс жұмыстарының да қарқын алғаны жасырын емес. Жыл басынан бері жүргізілген құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 24,9 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 119,8 пайызға артық. Сәйкесінше, қаңтар айынан бері көлемі 152,7 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға берілді.

Өңірде қызмет көрсету салаларында да өсім байқалады. Мәселен, аймақтағы бөлшек сауда айналымы 2,4, жолаушы тасымалы 1,9, жүк тасымалы – 8,7 пайызға өскен. Облыс бюджетінің кірісі 97,2 млрд. теңгені құрап, 105,5 пайызға орындалды.

Қорыта айтқанда, Жамбыл облысы өңірдің 2018-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында белгіленген жоспарлы мәндерін асыра орындауда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.