Елбасы — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен спорт еліміздің мемлекеттік саясатының негізінің бірі, ал ұлттық спорт — Қазақ елінің мақтанышы!
Қазіргі таңда Тараз қаласында ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келуде. Бейбіт Ыстыбаев, Пахриденов Даулет, Айтбек Айбол есімдері және «Әулие-Ата» көкпар командасының атауы ел аузында жүргендігі осыған дәлел.
Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы О.Борисюктың айтуынша, бүгінгі күні Тараз қаласының жөсөспірімдері мен жастары тоғызқұмалақ, асық ату, шекемтас, көкпар, аударыспақ, қазақ күресі және т.б. ұлттық спорт түрлерімен сүйсіне шұғылдануда. Сонымен қатар Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан жұмыс жоспарына сәйкес қаладағы жастар мен жасөспірімдер арасында ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау мақсатында тоғызқұмалақ, асық ату, шекемтас, қазақ күресі, ләңгі тебу, арқан тарту ұлттық спорт түрлерінен спартакиадалар өткізіліп тұрады.
Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Ұлттық спорт түрлерінен «Әулие-Ата» кəсіпқой клубы» жұмыс жасайды. Клубта ұлттық ат спорты түрлері көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату жəне асық ату, құсбегілік бойынша спортшылар дайындалады. Көкпардан «Әулие-Ата» ересектер және жастар командалары Қазақстан Республикасының чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпаздары, Халықаралық ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері.
Сонымен қатар, Тараз қаласында 2014 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Қазақ күресі клубы» жұмыс істейді. 2017 жылдан бастап мекеме атауы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубы» болып өзгертілді. Аталған клубтан қазақ күресінен Қазақстан, Азия және Әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне өткен «Қазақстан Барысы» атты Республикалық турнирінің 3 дүркін жеңімпазы, Алтын белбеу иегері, «Еуразия Барысы» — Бейбіт Ыстыбаев, қазақ күресінен Қазақстан және Әлем чемпионы — Дәулет Пахридиннов, қазақ күресінен Қазақстан және Әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне өткен «Қазақстан Барысы» атты Республикалық турнирінің қола жүлдегері — Айтбек Айбол сынды спортшылар шықты.
Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі жыл сайын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне «Қазақстан Барысы» атты және «Жас барыс» Жамбыл облыстық турнирлеріне қалалық іріктеу жарыстарын өткізіп тұрады. 2018 жылы өткізілген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне «Қазақстан Барысы» Жамбыл облыстық турнирлеріне қалалық іріктеу жарыстарының жеңімпазы — Айтбек Айбол Жамбыл облыстық турнирінің де жеңімпазы атанып 2018 жылдың шілде айында Астана қаласында өткізілетін республикалық турнирде «Әулие — Ата Барысы» лақап атымен Тараз қаласының намысын қорғайтын болады.
Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан қала тұрғындары арасында ұттық спорт түрлерін дамыту, кеңінен насихаттау жұмыстары одан әрі жалғасын табатын болады.