Қазақстанда «жедел жәрдем» қалай өзгеріп жатыр?

0 25

Жаңа талаптарға сәйкес, «жедел жәрдем» көліктері сары түске боялып, сиренасы үнемі қосулы болады. Қазақстанның барлық облысы бірінші жартыжылдықтың соңына дейін жедел жәрдем көліктерін бірыңғай стандартқа сәйкестендіреді. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. 

Биылдан бастап барлық «жедел жәрдем» көлігі денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген бірыңғай стандарттарға сәйкестендіріледі. Жедел жәрдем қызметінің барлық көлігі лимон түске боялып, жарық шағылыстыратын қызғылт элементтері болады. Әрі жолда үнемі қосулы сиренамен жүреді.

«Біз жергілікті атқарушы органдардан мемлекеттік стандарттарды орындауын талап етіп отырмыз. Барлық өңір бірінші жартыжылдықтың соңына дейін автокөліктерді жаңа стандартқа сәйкестендіруге уәде берді. Яғни, жаңа түске бояп, сиренасын қосып жүреді», — деді Біртанов үкімет кулуарында. 

Министрдің айтуынша, бұл жаңашылдықтың арқасында «жедел жәрдем» дәрігерлері науқастарға тез жетеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.